Жыл басынан бері тазалықты сақтамаған арыстық тұрғындарға 6 млн теңге айыппұл салынған. Бүгінде оның 3 млн астамы өндірілді. Миллиондап айыппұл арқалаған азаматтардан соң өңір “Таза қалаға” айнала алды ма? Әріптесім Айдана Дүйсенбаева Арыс көшелерін аралап, аймақтағы тазалық жұмыстарын саралап қайтты.