Түркістан
EN

Арыстықтар шыбын-шіркейдің көбейгеніне алаңдаулы

187
13.05.2022

Арыс қаласының аумағындағы ауылдарда шыбын-шіркей қаптады. Жәндіктерден зәрезап болған тұрғындар бетперде тағып жүруге мәжбүр. Бүгінде мәселені шешу үшін шаһарға ғалымдар мен арнайы мамандар барған. Олар енді шіркейлердің ошағын анықтап, түр-түсімен ерекшеліктерін зерделейді. Содан кейін оған қарсы препарат пайдалану қажеттігін нақтылайды. Ең алдымен, мамандар шағым көп келіп түскен Шөгірлі, Байырқұм, Қожатоғай, Жиделі ауылдық округінде бірнеше күн зерделеу жұмыстарын жүргізбек.