Үкіметтің жаңа құрамы белгілі болды. Министрлердің басым бөлігі қызметінде қалды. Дегенмен, кей салалардың министрлері ауысты. Сыртқы істер министрі қызметін енді Мұхтар Тілеуберді атқарады. Ал Мұрат Мұханов Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды. Экология және табиғи ресурстар саласына да жаңа министр келді. Лауазымды қызмет Әлібек Қуантыровқа жүктелді. Сонымен қатар, Арман Қырықбаев Мәдениет және ақпарат саласының жаңа министрі болып тағайындалды.