Көшпенділер ойынында аударыспақ шеберлері ел қоржынына 2 алтын, 1 күміс жүлде салды. Жерлестеріміз Қырчын жайлауында өткен бәсекелерде де қарсылас шыдатпай, жеңімпаздар қатарынан көрінді. Әсіресе Жамбы атудың «қырғыз стилінде» бағын сынаған Абзал Тұлыбеков мергендігімен оқ бойы озық шықты. Алтын жүлде иеленген отандық спортшы ел құрамасының бас жүлделер санын үшеуге жеткізді. Таяқ тарту бәсекесінде де спортшыларымыз үздік үштікті түйіндеді. Ал Алыш күресі бозкілемінде барын салған Нұрсұлтан Қожагелдіұлы қола жүлдені місе тұтты.
Айта кетейік, биылғы дүбірлі додада Қазақстан намысын 152 спортшы қорғап жатыр. Олар 43 спорт түрінің барлығы бойынша сайысқа түсуде.