Түркістан
EN

Өндіріс пен кадр даярлауға басымдық беріледі

60
03.09.2026

Түркістан облысында өндіріс орындарына қажетті білікті мамандарды даярлау бағытында жаңа серіктестік орнауы мүмкін. Өңір әкімі Нұралхан Көшеров «ORANO» компаниялар тобы Директорлар кеңесінің төрағасы Клод Имовенмен кездесіп, кадр даярлау және инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Кездесуде облыстағы колледждерді компанияның қамқорлығына алып, дуалды оқыту жүйесі арқылы өндіріс орындарына қажетті мамандарды даярлау ұсынылды. Бұл тәсіл студенттердің теориялық біліммен қатар, нақты кәсіпорындарда тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқуын аяқтаған жастарды тұрақты жұмыспен қамтуға жол ашылады. Тараптар инвестициялық және кадр даярлау бағытындағы бірлескен жұмыстарды зерделеп, іскерлік байланысты одан әрі нығайтуға уағдаласты.