Түркістан
EN

Солтүстік Арал толығып келеді

62
03.09.2026

Солтүстік Арал толығып келеді. Трансшекаралық сулар бойынша Қазақстан барлық іргелес мемлекеттермен құқықтық база қалыптастырып, екіжақты комиссиялардың жұмысын жолға қойды. Сырдариядағы су қоймаларының келісілген жұмыс режимдері Солтүстік Арал теңізіне су аз кезеңдерде де тұрақты ағын көлемін ұстап тұруға мүмкіндік береді. Оның көлемі 2023 жылы 18,4 тек шақырымнан 23,5 текше шақырымға дейін өсті. Соңғы екі жылда Балқаш көліне шамамен 30 текше шақырым су келіп түскен. Нәтижесінде су айдынының деңгейі тұрақталды. Ал Қапшағай су қоймасы үшінші жыл қатарынан 100 пайыз толды.