Түркістан
EN

42 жаңа су қоймасы салынады

8
03.09.2026

Елімізде 2030 жылға дейін 42 жаңа су қоймасы салынады. Жұмыс істеп тұрған 37 суқойма реконструкциядан өтіп, 14,5 мың шақырым каналды жаңғырту жоспарланып отыр. Биылдың өзінде Ақтөбе, Түркістан, Батыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарында бес нысан жаңартылды. Бүгінде Түркістан облысында «Қарақуыс» және «Бәйдібек ата» су қоймаларының құрылысы жалғасуда. Олар 2026 жылы іске қосылған кезде қосымша 69 млн текше метр су жинауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, облыстағы «Көксарай» су қоймасын қайта жаңғырту көзделіп отыр.