Түркістан
EN

Келес ауданында психотропты заттар сатқан әйел анықталды

175
13.05.2022

Түркістан облысы, Келес ауданында психотроптық дәрі-дәрмектерді сатқан әйел ұсталды. Күдіктінің заңсыз әрекеті туралы тәртіп сақшыларына  жергілікті тұрғындар хабар берген. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы құрылған жедел топ тексеру амалдарын жүргізіп, куәгерлерден жауап алады. Жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктінің тұрғылықты мекенжайын анықтап, оны есірткісі бар дәріні сатып жатқан жерінде қолға түсіреді.