Жүк көлігі тіркемесімен бірге өртеніп кетті

26
2026-09-02

Қазығұрт ауданында жүк көлігі тіркемесімен бірге толықтай өртеніп кетті. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша оқиға Алматы-Термез-Ташкент республикалық маңызы бар тас жолында болған. Көлікпен қоса шамамен 1 гектар аумақ қурай отқа оранды. Жүк көлігінде 22 тонна синтетикалық май болған. Оның бір бөлігі жолға төгілген. Қызыл жалынды Түркістан облысы мен Шымкент қаласының төтенше жағдай қызметкерлері мамандары бірлесіп сөндірді. Ол үшін 20 өрт сөндіруші мен бес техника жұмылдырылған.