Тәңір тауының төсінде тұңғиық сырын ішіне бүккен қасиетті көл бар. Қақаған аязда да бетіне мұз қатпайтын мөлдір маржан Ыстықкөл, бүгінде миллиондаған жиһанкездің жаны сая табатын жеріне айналған. Бір ғана жаздың өзінде көл жағасына 2 миллион 300 мыңнан астам турист ағылыпты. Тіпті, бір ғана демалыс күнінде шекарадан 128 мыңнан астам көлік өткен. Ең қызығы, сол мыңдаған туристің тең жартысы өзіміздің Қазақстандықтар. Отандастарымызды Алатаудың арғы бетіне не жетелейді? Әріптесім Дана Қазыбек тарқатады.