Қазығұрт ауданында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді. Нысанның ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі де қатысты. Нұралхан Көшеров жаңа ғимараттың елдегі құқықтық тәртіпті сақтау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызына тоқталды. Еңбегімен дараланған бір топ азаматты марапаттады.