Түркістан
EN

Екі жылда 54 жаңа кен орны ашылды

3
02.09.2026

Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстары қарқын алып, соңғы екі жылда мемлекеттік есепке 54 жаңа кен орны ашылды. Оның 40-ы қатты пайдалы қазбалар болса, 7-еуі көмірсутек шикізаты, 7-еуі жерасты сулары. Бұл жұмыстар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларында жүктелген міндеттер аясында жүзеге асуда. Сондай-ақ, саланы цифрландыруға да басымдық беріліп, Бірыңғай платформаға 66 мың геологиялық есеп пен 109 мың зерттеу контуры енгізілді. 4,8 млн-нан астам бастапқы геологиялық дерек цифрландырылды. Басты мақсат жер қойнауын зерттеп, оны өңдеп, өндіріп, дайын өнім шығару.