Түркістанда айыппұлы 1 миллион теңгеден асқан 16 автокөлік анықталды. Бұл «Қорғау - Қауіпті жүргізуші» бағдарламасы іске қосылған бір аптаның ішіндегі нәтиже. Сондай-ақ, жол ережесін бұзған 60-қа жуық автокөлік тіркеліп, айыптұраққа жеткізілген. Олардың ішінде түрлі жол ережесін бұзған – 27 автокөлік, мiндеттi сақтандырудан өтпеген – 6 көлік бар. Естеріңізге сала кетсек, аталған бағдарлама жол ережесін жиі бұзатын көлік жүргізушілерін жылдам анықтауға мүмкіндік береді. Ол үшін қосымшада облыста орнатылған бейнебақылау камералары мен Жедел басқару орталықтарының мүмкіндіктері біріктірілген.