Еліміздегі әрбір жетінші оқушы — Түркістан облысының тұрғыны. Осыған орай өңірде білім беру инфрақұрылымын дамытуға айрықша басымдық беріліп отыр. Жана оқу жылында облыста 9 жаңа мектеп пен қосымша ғимараттар пайдалануға берілді. Солардың бірі Қазығұрт ауданында бой көтерді. Шарбұлақ ауылындағы заманауи білім ошағының ашылу салтанатына облыс әкімі арнайы барды.