Түркістан
EN

Бішкекте ШЫҰ ның мерейтойлық саммиті өтті

15
01.09.2026

Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммиті өтті. «Ырыс Ордо» конгресс-холында ұйымға мүше 10 мемлекеттің басшылары бас қосты. Мемлекет басшылары өңірлік қауіпсіздік пен экономикалық ынтымақтастықтан бастап, цифрландыру және жасанды интеллектіні дамытуға дейінгі өзекті мәселелерді талқылады. Жиынға қатысқан президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, ширек ғасырда Шанхай ынтымақтастық ұйымы «Шанхай бестігінен» бастап Еуразияның үлкен бөлігін қамтитын және адамзаттың жартысына жуығын біріктіретін ірі халықаралық ұйымға айналды. Сондай-ақ мемлекет басшысы Қырғызстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына табысты төрағалық еткенін айрықша атап өтті. Одан бөлек, Еуразияның заманауи көлік-логистикалық қаңқасын құру ісін жеделдетуді ұсынды. Оның пікірінше, мемлекеттердің географиялық байланысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының стратегиялық артықшылығы саналады.