Түркістанда жаңа мектеп пайдалануға берілді. Яссы секторынан ашылған білім ұясы 540 балаға арналған. Бұған дейін №14 Қазыбек би атындағы мектепте үш ауысымда оқып келген балалар енді осы ғимараттан білім алмақ. Әріптесім Айдана Дүйсенбаева мектептегі алғашқы қоңырауға қатысып, оқушылармен тілдесіп қайтты.