Білім күнінде Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев та оқушылармен бірге болды. Теміржолшылар шаһарында ел игілігіне берілген жаңа білім ордасы 4 гектар аумақты алып жатыр. Үш қабатты заманауи нысан соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған. Мұнда пәндік кабинеттер, заманауи шеберханалар, сондай-ақ кең спорт және акт залдары бар. Ғимараттың жылу жүйесі толықтай көгілдір отынға қосылған. Шаһар басшысы жас өрендерді Білім күнімен құттықтап, болашаққа сенім білдірді. Сонымен қатар, қаладағы №2 жалпы білім беретін мектепте де алғашқы қоңырау соғылды. 600 оқушыға шақталған білім ошағында балалардың алаңсыз білім алуы үшін барлық жағдай жасалған.