Түркістан
EN

Дәретхана шұңқырына түсіп кеткен бала құтқарылды

209
13.05.2022

Бір жастағы бала әжетхана шұңқырына құлап кетіп, аман қалды. Оқиға Түркістан облысы Қазығұрт ауданында болған. Сәби ойнап жүріп, жеке тұрғын үйдің ауласындағы 4 метрлік тереңдіктегі дәретханаға түсіп кеткен. Баланың құлап кеткенін байқағандар құтқарушыларды шақырған. Шұғыл түрде жеткен мамандар сәбиді шұңқырдан аман-есен алып шықты. Құтқару жұмыстарына 5 төтенше жағдайлар департаментінің маманы, медициналық жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері және полиция департаментінің 2 адам жұмылдырылған. Бала дәрігердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты.