Түркістан
EN

ШЫҰ ның мерейтойлық саммиті басталды

24
01.09.2026

Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммиті басталды. «Ырыс Ордо» конгресс-холында ұйымға мүше 10 мемлекеттің басшылары бас қосты. Биыл Қырғызстан төрағалық етіп отырған жиын «Шанхан Ынтымақтастық ұйымына 25 жыл: тұрақты бейбітшілікке, дамуға және өркендеуге бірге» ұранымен өтуде. Мемлекет басшылары өңірлік қауіпсіздік пен экономикалық ынтымақтастықтан бастап, цифрландыру және жасанды интеллектіні дамытуға дейінгі өзекті мәселелерді талқылауда. Жиынға қатысқан президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, ширек ғасырда Шанхай ынтымақтастық ұйымы «Шанхай бестігінен» бастап Еуразияның үлкен бөлігін қамтитын және адамзаттың жартысына жуығын біріктіретін ірі халықаралық ұйымға айналды. Сондай-ақ мемлекет басшысы Қырғызстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына табысты төрағалық еткенін айрықша атап өтті. Одан бөлек, Еуразияның заманауи көлік-логистикалық қаңқасын құру ісін жеделдетуді ұсынды. Оның пікірінше, мемлекеттердің географиялық байланысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының стратегиялық артықшылығы саналады.