Жоғары балл тегін оқудың кепілі емес. Биыл ҰБТ-да жоғары көрсеткіш көрсеткен 50 мыңнан астам талапкер мемлекеттік грантсыз қалды. Мемлекет тарапынан 95 мың орын бөлініп, цифрлық технологиялар мен ғылыми бағыттарға басымдық берілгенімен, үздік оқушылардың таңдауы мүлдем басқа салаға ауған. Оған қоса, ҰБТ форматындағы жаңа ережелер түлектер арасында үрей туғызуда. Мамандық таңдаудағы негізгі қателіктер мен өзгерістер туралы әріптесім Дана Қазыбек зерттеп көрді.