Түркістан
EN

Халықаралық конференция өтті

9
01.09.2026

 Отырар ауданында Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының 80 жылдығына орай ғылыми конференция өтті. Басқосуда археологиялық мұраларды зерттеу, сақтау, насихаттау жайы талқыланды. Жиынға көршілес бірнеше мемлекеттен археолог-тарихшы ғалымдар келген. Солардың бірі өзбекстандық Ибадулла Исмайылов ежелгі тұрандықтардың дүниетанымындағы мал шаруашылығының орыны тақырыбында сөз қозғады. Ол бұл байланысты археологиялық материалдар негізінде талдады.