Мектеп мәзірінде қант пен тұз мөлшері азайтылып, көкөніс, жеміс және сүт өнімдерінің үлесі артты. Шұжықтар мен тәтті сусындар оқушыларға берілмейді. Жаңа оқу жылында тамақтану сапасына қойылған талаптардың бірі осы. Бұл балалардың рационын жақсартуға, созылмалы аурулардың даму қаупін төмендетуге бағытталған. Сондай-ақ, 1-4 сынып оқушылары және әлеуметтік осал санаттарға жататын 5-11 сынып оқушылары мектеп қабырғасында бір мезгіл тегін тамақтанады. Асханалардың санитариялық жағдайы тұрақты бақылауда болмақ.