Бүгін еліміздің мектептерінде жаңа оқу жылы басталды. Биыл республика бойынша 4 миллионнан астам оқушы білім алады. Оның 380 мыңға жуығы алғаш мектеп табалдырығын аттап отыр. Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Жұлдыз Сүлейменова ұстаздар, ата-аналар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Ол сөзінде, биылғы оқу жылы еліміз үшін маңызды тарихи кезеңде басталып отырғанын айтты. Білім саласынының алдында тұрған негізгі міндеттерге тоқталып, отаншыл, еңбекқор, адал азамат болып өсуге шақырды. Сондай ақ сала қызметкерлеріне ізгі тілегін білдіріп, алдағы кезеңнің сәтті әрі нәтижелі өтуіне тілектестік білдірді.