Түркістан
EN

Өңдеу өнеркәсібінің үлесі 46,7% ға дейін артты

24
01.09.2026

Елімізде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 46,7 пайызға дейін артты. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылға арналған негізі экономикалық тапсырмаларының бірі. Өсу көрсеткіші жеңіл өнеркәсіп саласында 80 пайызға жеткен. Сондай-ақ, химия мен машина жасау саласы да едәуір алға басқан. Мәселен, жеті айдың ішінде 96 мыңнан астам автокөлік шығарылса, химия саласында тыңайтқыш өндірісі 1 трлн теңгеге жеткен. Осылайша, өңдеу өнеркәсібі экономикалық көрсеткіште басымдық алып, өндіріс көлемі бойынша алғаш рет шикізат секторынан алға шықты. Ал өңірлерлердегі өсім көрсеткіші бойынша Ақтөбе мен Қарағанды облыстары көш бастап тұр.