Орта Азиядағы ең үлкен стадион Бішкек аренада VI көшпенділер ойыны басталды. Ашылу салтанатын 10 шақты елдің президентері тамашалады. Мәртебелі қонақтар қатарында президент Қасым Жомарт Тоқаевта бар. Байрақты бәсекеге биыл 100 ге жуық елден 3000 астам спортшы қатысуда. Олар 43 спорт түрі бойынша 69 медаль жиынтығын сарапқа салады. Ал, Қазақстан Ұлттық Құрамасы сапындағы 150 ден аса спортшы мен 49 жаттықтырушы ел намысын қорғайды. Тартысты сайыс бір аптаға жалғаспақ. Негігі ойындар Ыстықкөл жағасында өтеді.