Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммиті аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы сауда, инвестиция және бірлескен жобаларды талқылады. Ресей басшысы Қазақстан Президентін Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтады. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі реформалар ұлттық мүддеге сай жалғасатынын атап өтті.