Референдум – ел мүддесі үшін қабылданатын шешімдерге әр азаматтың үн қосуы. Түркістан облысында референдумды қоғамдық қолдау штабы мүшелері бас қосып өзекті мәселелрді талқылады. Конституциядағы кейбір баптарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы мемлекеттің келешектегі бағдары қалай өзгеруі мүмкін деген тақырыпта әңгімелесті. Конститутцияға енгізілетін өзгерістерге қоғам түгелдей ат салысуы керек. Халықтың пікірі маңызды. Түркістанда бірлескен отырысқа қатысқан қоғамдық қолдау штабы мүшелері осылай деп пікір білдірді. Қазір облыстық штабқа бүгінде 58 азамат қосылған. Атап айтқанда өңірдегі депуттатар, ақсақалдар кеңесінен, және журналистер мен блогерлер енген. Айта кетейік, Республикалық референдумға кәмелет жасына толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының кез келген азаматы қатыса алады. Жергілікті атқарушы органдар дауыс берушінің тұрғылықты жері мен тұрақты тіркелуі негізінде алдын-ала тізім жасайды. Осылайша жаңа Қазақстанды құруда ешкім шет қалмайды. Референдум тек заңдағы өзгерістерге ғана әсер етіп қана қоймайды. Экономикалық, саяси мәселелергеде оң әсерін тигізбек. Сондықтан қоғамдық қолдау штабы ел тұрғындарын азаматтық жауапкершілік танытып, республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырады.