Астанада Түркістан облысының креаторлары 21 миллион теңгенің өнімін сатты. Елордада өңірдің креативті индустрия өкілдері қатысқан ауқымды жәрмеңке өтті. Республикалық «Creative Aimaq» жобасы аясында ұйымдастырылған шарада аймақтан барған 50 шебердің туындылары мен шығармашылық жобалары көпшілікке ұсынылды.