Түркістан
EN

Еліміздің мектептерінде 283 мың камера бар

40
31.08.2026

Жаңа оқу жылының қарсаңында еліміздегі мектептерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Ішкі істер министрлігі бұл жылды өз ішінде «Балалардың қауіпсіздігіне арналған жыл» деп жариялаған. Осы орайда ведомство өкілдері білім беру ұйымдары мен олардың айналасын жан-жақты тексеруден өткізді. Бүгінде Қазақстандағы 7656 орта мектепте 283 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның басым бөлігі, яғни 7 159 мектеп полиция департаменттерінің жедел басқару орталықтарына тікелей қосылған. Бұл қандай да бір қауіп төнген жағдайда тәртіп сақшыларының шұғыл әрекет етуіне мүмкіндік береді. Мамандардың сөзінше, басты міндет – қауіптің салдарымен емес, себебімен күресіп, алдын алу.