Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының вице-президенті лауазымына тағайындалды. Оның кандидатурасын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі құрылтай отырысында ұсынды. Оған 145 депутаттың 141-і дауыс берді, 4 депутат қалыс қалды. Жаңа вице-президент бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған. Сондай-ақ, бүгінгі жиында Үкімет басшысы да анықталды. Бұл лауазымға Олжас Бектенов қайта тағайындалып отыр. Жалпы отырысқа қатысқан 144 депутаттың 137-сі Олжас Бектеновтің Үкімет басшысы болуына келісім берген.