Түркістан
EN

Бүлдіршінді құтқарып қалған тұрғын наградаға ұсынылды

192
12.05.2022

Бүгінгінің батыры - Сәбит Шонтақбаев! 37 жастағы азамат 3 жасар баланы өлімнен құтқарып қалды. Сегізінші қабатта салбырап тұрған баланы төменгі қабаттың терезесінен еш қорғаныш құралынсыз шығып, аяғынан тартып қағып алды. Бір қызығы, сәбидің ата-анасы үйінде болыпты. Ендеше сол мезетте баланы неге қараусыз қалдырғаны белгісіз.  Сәбит Шонтақбаев басын қатерге тігіп, еш қорқыныш құралынсыз, терезенің сыртына шығып, баланы аяғынан тартып алады. Сәбидің өмірі қыл үстінде тұрғанда, өз өмірі мен қауіпсіздігін еш ойлауға мұршасы болмаған.  Баланың көрер жарығы бар екен. Ол кішкентай қолдарымен терезенің ернеуіне жабысып, қанша уақыт тұрды. Желідегі жазбаны көргендердің жүрегі аузына тығылды. Қорқыныштың қуанышқа ұласқан сәті, Сәбиттің батырлығы бүкіл елді сүйсінтті. Оны Нұр-Сұлтан қаласынын төтенше жағдайлар департаменті де елеусіз қалдырмады. Батырға «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісі табыстады.Төрт баланың әкесі Сәбит Шонтақбаев елордаға жұмыс іздеп  Қызылордадан келген. Бұрын әскерде келісімшартпен, сондай-ақ теміржол саласында да жұмыс істеген азамат бүгінде жалдамалы жұмыстарда нәпақасын тауып, отбасын асырап жүр. Осы ретте танымал блогерлер  «бүгінгі күннің батырына баспана алып берейік» деп бастама көтерді. Сондай-ақ төленбей қалған несиесін жауып беруге үшін ақша жинауды бастап та кетті.