Түркістан
EN

Ақ жаулықты аналар ұлықталды

5
31.08.2026

Еліміздің әр өңірінен шыққан 200-ге жуық ақ жаулықты ана «Қазақ аналары» энциклопедиясына енді. Бұл ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап, елдің алғысын арқалаған ардақты жандардың өмір жолын ұлықтайтын жоба. Осы бастама аясында еліміздің әр түкпірінен келген аналар Шымкентте бас қосып, ел ықыласына бөленді. Еңбегі еленгендердің арасында саналы ғұмырын ұстаздыққа арнап, талай шәкіртті қанаттандырғандар да, адам жанына араша түсіп, өмір сыйлаған дәрігерлер де бар.