Түркістан
EN

Қылмыс деңгейі 10 пайызға төмендеген

3
31.08.2026

Жыл басынан бері еліміздегі қылмыстың жалпы деңгейі 10%-ға төмендеді. Атап айтсақ, қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар саны 2025 жылдың қорытындысы бойынша 9%-ға азайса, биылғы жартыжылдықта тағы 19%-ға қысқарған. Қылмыстың басым көпшілігі цифрлық аналитика мен бейнемониторинг жүйелерін пайдаланудың арқасында ашылып отыр. Адам өмірін сақтау мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарына да басымдық берілуде. Мамандар жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларының саны 4%-ға, ал,  қаза тапқандар саны 16  пайызға азайғанын айтады. Одан бөлек, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, интернет-алаяқтықпен күрес, есірткі бизнесіне тосқауыл қою сынды жұмыстар да басты назарда,-дейді жауаптылар.