Каспийдегі серуен қайғылы аяқталды. Ақтауда катер жартасқа соғылып, 2 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға түнгі уақытта болған. Құтқарушылар судан 5 адамды аман алып шықты. Алайда су көлігіндегі тағы екі жолаушыда құтқару кеудешесі болмағаны анықталды. Кейін олардың денесі жағадан жарты шақырым жерден табылды. Іздеу-құтқару шараларына Төтенше жағдайлар департаменті, полиция және апаттар медицинасы орталығының мамандары жұмылдырылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.