Жарты ғасырлық тарихы бар үйлер жаңартылды. Түркістандағы Тоқаш Бокин көшесінде орналасқан 18 қос қабатты ғимаратқа жөндеу жүргізіліп, шатырлары ауыстырылды. Баспаналардың жағдайымен аймақ басшысы Нұралхан Көшеров танысып, тұрғындармен тілдесті. Яссы тұрғын үй алабындағы бұл аумақ қажетті инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамтылған. Көпқабатты тұрғын үйлер автономды газ жүйесіне қосылған.