Түркістан
EN

700 мың студент жасанды интеллекті меңгерді

2
31.08.2026

Қазақстанда адам капиталын дамытуға бағытталған жұмыстар жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Соңғы жылдары елімізде мыңнан астам жаңа мектеп пайдалануға беріліп, 1 миллионнан астам оқушыға арналған орын құрылды. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында студенттер саны 13,7 пайызға өсті. Ал жоғары оқу орындарында бүгінде 724 мың студент білім алып жатыр. Білім беру жүйесімен қатар, жастардың цифрлық сауатын арттыруға да басымдық берілуде. AI-Sana бағдарламасы аясында 700 мыңнан астам студент жасанды интеллект бойынша базалық білім алған. 106 жоғары оқу орны бағдарламаға қатысып, 400 ден астам жасанды интеллект агенті әзірленіп, қолданысқа енгізілді. Бұл өзгерістер білім беру мен еңбек нарығының жаңа талаптарына бейімделуге мүмкіндік береді.