Түркістан
EN

Қазақстандықтардың несиесін кешіру ұсынылды

164
12.05.2022

Қазақстанда 1,5 миллион адамның проблемалық несиесі бар. Тағы 500 мыңға жуық азаматтың қарызы коллекторлық компанияларға өтіп кеткен. Жағдайды реттеу үшін мұндай жұмыс істемейтін несиелерді енді сервистік компаниялар мен жеке инвесторларға беру көзделіп отыр. Тиісті заң жобасы бүгін Мәжілісте қаралды. Құжат аясында азаматтардан кепілдік есебінде өндіріп алған мүлікті ары кеткенде 3 жыл ішінде сату міндеттелмек. Өйткені банктер мен микроқаржылық ұйымдар 5 жылға дейін өз меншігінде ұстайды екен. Одан бөлек коллекторлық мекемелерге де қойылатын талап күшейтілмек.