Түркістанда хоккейден жастар арасында Қазақстан кубогы ойындары басталды. Турнирге төрт команда қатысып жатыр. Өскемендік «Торпедо», Петропавлдық «Құлагер», алматылық «Алматы» және түркістандық «Тұран Тайгерс» өзара мықтыны анықтайды. Алғашқы айналымда өскемендіктер қызылжарлықтардан басым түсті. Ал, жергілікті Тұран Тайгерс алматылықтардан 7:0 есебімен жеңіліс тапты.