Түркістан
EN

Су тасқыны құрбандарының саны артты

27
28.08.2026

Непал мен Қытай шекарасындағы жойқын апаттың салдарынан қаза тапқандар саны 359 адамға жетті. Ал хабар-ошарсыз кеткендердің қарасы 1400-ден асып жығылды. Ғалымдар апаттың нақты себебін де анықтады. Сейсмологтардың зерттеуінше, бұл тау басындағы мұздықтың опырылуы мен Лхендэ өзеніндегі табиғи бөгеттің жарылуынан болған. Қазіргі таңда іздестіру жұмыстарына тікұшақтар тартылды. Із-түзсіз жоғалғандардың арасында ондаған елден келген саяхатшылар бар. Өкінішке қарай, жоғалғандар тізімінде бір Қазақстан азаматы да бар екені белгілі болды. Ол туристік топтың құрамында болып Непалдан Қытайға өткен. Қазір отандасымыздың жүрген жерін анықтау үшін Қазақстан дипломаттары оқиға орнында шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.