Түркістан
EN

Қызылордада үш адамды өлтірді деген күдікті ұсталды

108
12.05.2022

Қызылордада үш адамды өлтірді деген күдіктілер ұсталды. Еске салсақ, 7 мамырда қалада болған атыс кезінде үш адам мерт болып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілген болатын. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде алты күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ал олардың тұрғылықты жерін тінту кезінде бес қару-жарақ, бірнеше оқ-дәрі, есірткі және жеті автокөлік айғақ зат ретінде тәркіленді. Полиция оларға қатысты адам өлтіру, бұзақылық, қару мен есірткінің заңсыз айналымы деректері бойынша 8 қылмыстық іс қозғады. Төрт адамға іздеу жарияланған.