Мемлекет басшысының 2024 және 2025 жылдардағы жолдауларын жүзеге асыру аясында 180 іс-шара қолға алынған. Бүгінде оның басым бөлігі толығымен аяқталса, қалғандары қарқынды жүзеге асуда. Үкімет мемлекеттік қаржы, инфрақұрылым, инвестициялар, цифрландыру және әлеуметтік саясат саласына қатысты жұмыс істеп жатқандарын айтады. Мәселен, 2025 жылы 6,6 мың шақырым инженерлік желі жөнделіп, сегіз коммуналдық кәсіпорын «қызыл аймақтан» шығарылды. Цифрлық экономика, жасанды интеллект және инвестициялық саясат үшін жаңа нормативтік база қалыптастырылды. Сондай-ақ, макроэкономикалық тұрақтылықты нығайту үшін фискалды және ақша-несие саясатына қатысты жаңашылдықтар іске асқан.