Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды. Оқиға кешкі уақытта, көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Қатардағы жауынгер үйінде болған тұста, көрші пәтердің жалынға оранын естейді. Ол жедел әрекет етіп, қалың түтінге қарамастан пәтерге кіріп, балаларды қауіпсіз жерге алып шыққан. Кейін төтенше жағдай қызметкерлеріне хабарлап, өрт сөндірушілер келгенше тұрғындармен бірге оттың таралуына жол бермеуге көмектескен.