Түркістан
EN

Тұрғынға шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

18
27.08.2026

Леңгірде жергілікті тұрғынның үйіне түнде кіріп, шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды. Белгісіз екі адам үй иесіне дене жарақатын салып, ұялы телефонын алып кеткен. Оқиға орнындағы кадрлар әлеуметтік желіде тараған. Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктілердің жеке басы анықталды. Төлеби ауданының екі тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.