Түркістан
EN

Непалдағы су тасқынынан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ

20
27.08.2026

Непал мен Қытайдың шекарасына жақын аймақта су тасқыны болып, 162 адам қаза тапты. Тағы 558 адам іздестірілуде. Гималай тауларындағы мұздық опырылып түсіп, салдарынан тас пен балшық араласқан тасқынға ұласқан. Ажал құшқандар мен хабар-ошарсыз кеткендердің басым бөлігі Кайлаш тауына қажылыққа барған үндістандықтар және АҚШ, Ұлыбритания, Канададан келген туристер. Тіпті халыққа көмекке ұмтылған жиырмадан астам полиция қызметкері де балшық астында қалған. Лай көшкіні жолындағы ауылдарды, көліктер мен көпірлерді түгелдей қиратып кеткен. Қазір апат аймағында жарық пен байланыс үзілгендіктен, құтқару жұмыстары өте ауыр өтіп жатыр. Ал Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл алапат тасқыннан зардап шеккендер қатарында біздің отандастарымыз жоқ екенін ресми түрде мәлімдеді.