Ақтөбенің қақ ортасында көп қабатты үй өртенді. Жалын төртінші қабаттан бастап, тоғызыншы қабатқа дейінгі пәтерлердің декоротивті қаптамасы жанып кеткен. Қызыл жалынды алғаш сол маңда жүрген тұрғындар байқап қалып, дереу өрт сөндірушілерге хабар берген. Жалынның қатты болғаны сонша, жұрт бірнеше пәтер өртеніп жатыр деп ойлаған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар саты арқылы үйде қалып қойған он адамды алып шықты. Ал тілсіз жау 20 минут ішінде сөндірілген. Өрттің неден тұтанғаны тексеру жұмыстарынан кейін белгілі болады.