Үкімет 2029 жылға дейінгі Digital Qazaqstan стратегиясын іске асыру жоспарын бекітті. Құжатта жасанды интеллектіні білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызметтер, бизнес және өнеркәсіп салаларына жаппай енгізу көзделген. Жоспар аясында түлектердің кемінде 80%-ы AI дағдыларын меңгеріп, мемлекеттік қызмет көрсету уақыты 50%-ға қысқаруы тиіс. Сондай-ақ энергетика активтерінің 70%-ын цифрлық мониторингке қосу, техникалық күрделі жаңа нысандардың толықтай цифрлық контурға енгізу жоспарланған. Бұдан бөлек, IT-экспорттын арттыру, Smart Cargo жүйесін дамыту және елдегі AI-инфрақұрылымды күшейту міндеттері алдағы жоспарға қойылды.