Түркістан облысының Созақ ауданында фосфоритті терең өңдейтін ірі зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Құны 150 миллиард теңге болатын жоба іске қосылса, мыңға жуық адам жұмыспен қамтылмақ. Сондай-ақ, жылына 2 миллион тонна фосфорит өңделіп, минералдық тыңайтқыштар мен химиялық өнімдері өндіру жоспарланған. 2028 жылы іске қосылатын кәсіпорын 10 жыл ішінде бюджетке 43,3 млрд теңге салық түсіреді деп күтілуде.