1-қыркүйектен бастап мектептерде алғашқы әскери дайындық пәні жаңартылған бағдарламамен оқытыла бастайды. Бұдан былай жоғары сынып оқушылары теориядан бөлек, киберқауіпсіздік пен дрон басқару негіздерін де меңгермек. Сондай-ақ, жасөспірімдерге алғашқы медициналық көмек көрсету мен төтенше жағдайда әрекет ету тәсілдері тереңдетіп үйретіледі. Оқу бағдарламасының басым бөлігі практикалық сабақтарға негізделген. Осы мақсатта білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы да жаңартылып, арнайы симуляторлар мен жаттығу құралдарымен қамтамасыз етілуде.