Мақтаарал ауданында халықаралық маңызы бар автомобиль жолы пайдалануға берілді. «Ташкент – Термез» халықаралық көлік дәлізінің аудан аумағындағы ұзындығы 25 шақырымға жуықтайды. І санаттағы автожолдың жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталған. Осы аралықта жолдың жүру бөлігі жаңартылып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті инфрақұрылым жасақталды. Жаңа бағыттың іске қосылуы - Мақтаарал ауданының көлік-логистикалық әлеуетін одан әрі арттырып, халықаралық сауда және транзиттік байланыстардың дамуына оң әсерін тигізбек.