Түркістан
EN

Әскерге кеткен сарбаз өз-өзіне қол жұмсамақ болды

226
07.05.2022

Шымкентте әскери бөлімдердің бірінде сарбаз өзіне қол салмақ болған. Бұл туралы жауынгердің туыстарына бөлім қызметкері айтқан. Сарбаздың анасы Гүлнұрдың айтуынша, ұлы әскерге өз еркімен барған. Тіпті келісімшарт бойынша қалуды да жоспарлапты. Алайда бар болғаны бес күннен кейін баласы психиатриялық ауруханаға жатқызылған. Ал жыларман болған ана ММА-ден түрлі жарыстарды жеңген ұлы өзіне қол салмақ болғанына сенбейді. Бұл оқиға 23 сәуірде басталған көрінеді. Сол күні Гүлнұрға баласы қоңырау шалып, өзінің Сәуле шағын ауданындағы әскери бөлімде екенін айтқан. Алайда біреу ұлының қолынан телефонды жұлып алған. Қазір сарбаз диспансерге жатқызылған. Алайда, оның ата-анасы қазір әскери бөлім басшылығы жауапкершіліктен жалтару үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды деп есептейді. Олар ұлдарын осындай халге жеткізгендердің жазалануын сұрап, әділдік талап етуде. Ал бөлім командирі – мамандандырылған медициналық мекемеге жас жауынгердің  өмірін сақтап қалу үшін орналастырдық дейді.